empty
 
 

Форекс нарығындағы керри-трейд операциясы бірі ашық позицияны жабатын, ал екіншісі оны бірден ашатын, валюталау күндері әр түрлі болатын қарама-қарсы екі мәмілені жасауды білдіреді. Яғни бұл — ақша мөлшері бірдей және валюталау күндері қарама-қарсы бағытта әр түрлі болатын екі мәміленің үйлестігі.

Мұндай операциялардың басты мақсаты ашық сауда позициясын түн ортасына ауыстыру болып табылады.

Керри-трейд операциясын жасағанда валюта жұбындағы сатып алынатын валюта шартты түрде депозитке салынады, ал сатылатыны — кредитке алынады. Сауда позициясын ұстап тұру мерзімі алдын-ала белгісіз болғандықтан, депозиттік және кредиттік есептеулер ашық позицияны келесі тәулікке ауыстырғанда ғана жүргізіледі.

Стратегия брокердің своптарды қолдану шартымен жұмыс істейді. Свопты есептеу немесе шегеру депозиттік және кредиттік пайыздық мөлшерлеменің арасындағы айырмаға байланысты. Егер депозиттік мөлшерлеме кредиттік мөлшерлемеден асып кетсе, онда своп сауда шотына есептеледі. Егер кредиттік мөлшерлеме депозиттік мөлшерлемеден асып кетсе, онда своп сауда шотынан шегеріледі.

Мысал ретінде свопты есептеу үшін мемлекеттердің орталық банктері белгілеген пайыздық мөлшерлемелерді пайдаланамыз. Сонымен, ЕОБ пайыздық мөлшерлемесі — 0,05%, АҚШ-та — 0,25%. 1 лот EUR/USD сатып алу немесе сату (ИнстаФорекс компаниясында — бұл базалық валютаның 10 000 бірлігі, бұл жағдайда EUR) 1,2702 бағамы бойынша. Своптың төлемі жылына құрайды: ((0,05% – 0,25%) x 10 000 x 1,2702) / 100% = -25,404 USD немесе тәулігіне: -25,404 USD/365 = -0,0696 USD. Егер біз EUR/USD бойынша ұзын позицияны (сатып алу) ашатын болсақ, доллармен жылына 0,25% қарыз алынып, депозитті жылына 0,05% еуромен орналастырамыз. Кредиттік мөлшерлеме депозиттік мөлшерлемеден асады, сондықтан, сауда шотынан күн сайын 0,0696 USD шегеріледі.

EUR/USD бойынша қысқа позицияны (сату) ашатын болсақ, кері жағдай орын алады: еуромен жылына 0,05% қарыз алынып, депозитті жылына 0,25% доллармен орналастырамыз. Депозиттік мөлшерлеме кредиттік мөлшерлемеден асады, сондықтан, сауда шотына күн сайын 0,0696 USD есептеледі.

Позицияны сәрсенбіден бейсенбіге қараған түнге ауыстырғанда своп үш есе мөлшерде алынады/есептеледі. Бұның себебі, сәрсенбіде ашылған позицияның валюталау күні — жұма. Позицияны сәрсенбіден бейсенбіге қараған түнге ауыстыру кезінде — валюталау күні 1 күнге емес, 3 күнге ұлғайып, дүйсенбі болуы керек. Сондықтан, сәрсенбіден бейсенбіге қараған түндегі своп үш есе мөлшерде алынады немесе есептеледі.

Керри-трейд стратегиясы валюталар бойынша пайыздық мөлшерлемелерінде максималды айырма болатын валюта жұптарында жақсы жұмыс істейді. Мысалы: NZDJPY, AUDJPY және т.б.

Есептеу үшін 2014 жылдың қазан айында өзекті болған деректер алынды. Мәліметті оқу кезінде материалда келтірілген банктердің мөлшерлемелері және валюта жұптарының бағамдары сәйкес келмеуі мүмкін.

Керри-трейд негізінде шығынсыз қалай саудалауға болатыны туралы нақты нұсқаулығы бар видеоны қараңыз:

loader
Мақалалар тізіміне оралу
Шот ашу
Шот ашу
Шотты толтыру
Шотты толтыру
Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.