Сондай-ақ қараңыз
ИнстаФорекс компаниясы клиенттерінің ПАММ-шоттар жүйесіне қатысудың керемет мүмкіндіктері бар.
ПАММ-жүйесі – бұл Форекс валюта нарығында ақша қаражаттарын ұжымдық инвестициялау бойынша қызмет.
ПАММ-жүйесі (Percentage Allocation Management Module) Форексте жұмыс істеуге арналған арнайы сауда шоттарының жиынтығы болып келеді, солардың көмегімен басқарушы трейдерлер өз капиталына және инвесторлардың (басқа трейдерлердің) жиынтық капиталына иелік етеді. ПАММ-жүйесінің жұмысының мәні, трейдердің басқа трейдерлерден инвестициялар қабылдауға немесе өз қаражатын қандай да бір үлеске ие болу арқылы басқаның сауда шотына инвестициялау мүмкіндігімен көрінеді.
Осылайша, инвесторлар басқарушы трейдерлер жасаған мәмілелерден пайда алу мақсатында ПАММ-жүйесінің мүмкіндіктерін пайдаланады.
ПАММ-жүйесінің жұмысының аясындағы барлық инвестициялар мен аударымдар ИнстаФорекс компаниясында автоматты режимде бақыланады, бұл қатысушылардың бәріне қауіпсіздікке, ашықтыққа және жүйенің ішіндегі барлық операциялардың есепке алынуына кепілдік береді.
Мәнісі бойынша ПАММ-жүйесі бірқатар трейдерлердің ұжымдық құралдарын сенімгерлік басқарудың формасының бірі болып табылады, онда брокер үлестік есепке алуды жүзеге асырады, барлық трейдерлердің бірдей құқықтарын қамтамасыз етеді және уақыттың кез -келген сәтінде жалпы қаражаттың әрқайсысына жеке-жеке тиесілі болатын бөлігін бөлуге мүмкіндік береді. Сауда кезеңі аяқталғаннан кейін, ПАММ-шотта алынған пайда, ПАММ-шотқа қатысушылар (инвесторлар) арасында пропорционалды бөлінеді, ал басқарушы трейдер өзінің қызметі үшін, келісім-шартта ескертілген, сауданың есепті кезеңі үшін жалпы пайдаға пайыздық қатынаспен көрінетін сыйақыны алады.
ПАММ-шоттар 2 типке бөлінеді: инвестордың ПАММ-шоты және басқарушы трейдердің ПАММ-шоты. инвестордың ПАММ-шоты трейдерлердің ПАММ-шоттарына ғана қаражатты аудара алады. Басқарушы трейдердің ПАММ-шоты инвесторлардың ПАММ-шоттарынан ғана инвестицияларды қабылдай алады. ИнстаФорекс компаниясының әрбір клиенті ПАММ-трейдердің және ПАММ-инвестордың шоттары ретінде ПАММ-жүйесінде қатыса алатын сауда шоттарының шектеусіз санын тіркей алады.
ПАММ-жүйесінің маңызды қасиеті түрлі басқарушы трейдерлердің ПАММ-шоттарына қаражатты салу арқылы, ПАММ-инвесторлар үшін -қатерлерді әртараптандыру мүмкіндігі болып табылады.
ИнстаФорекс компаниясының ПАММ-трейдерлері үшін жүйеде бірегей жаңалық: бір ПАММ-шотта түрлі инвесторлардан инвестицияларды қабылдауды қарастырған, оны қазіргі кезде әлемнің бірде-бір брокерлік компаниясы ұсынбайды. Қаражаттарды есептеудің бірегей технологиясы - компания менеджментінің әзірлемесі және программистердің жылдық жұмысының жемісі.
ИнстаФорекс компаниясы ұсынған ПАММ-шоттар жүйесі қазіргі кезде өзінің мүмкіндіктері бойынша басқарушы трейдерлер үшін және инвесторлар үшін үздігі болып табылады, алайда ПАММ-шоттар жүйесінің қызметін жақсарту бойынша жұмыс бір секундқа да тоқтаған емес, бұл ИнстаФорекс клиенттері үшін сервистің және сенімділіктің жоғары стандарттарына кепіл болуға мүмкіндік береді.