empty
 
 

Басқаша айтсақ, яғни бұл фьючерс алдын-ала келісілген күні орындалуы тиіс - бұл фьючерс келісім-шарттының спецификациясында көрсетіледі. Күнделікті өмірде кеңінен қолданылатын тауарлар ең көп таралғаны болып табылады. Бұл келесі тауарлардың фьючерстері:

  • газ
  • мұнай
  • бензин
  • алтын
  • астық
  • валюта
  • болат
  • мақта
  • ағаш

Фьючерстердің түрлері

Фьючерстер екі түрлі болады:

  • жеткізілетін
  • жеткізілмейтін

Біріншісін негізінен экономиканың нақты секторына қатысушылар пайдаланады. Мысалы, фермерлер фьючерстк келісім-шартты өз тауарын болашақта ұтымды баға бойынша сату үшін жасайды. Сатып алушыларға фьючерстер шикізатты өңдеу үшін кепілді түрде сатып алу үшін керек. Осылайша тараптар нарықтың күтпеген жағдайынан сақтанады.

Екінші түрін трейдерлер бағаның ауытқуынан пайда алу үшін қолданады, мұнда мәселе нақты сатып алу туралы емес. Мысалы, трейдер, бір баррель үшін 48 доллардан мұнай фьючерсін сатып алып, егер бағасы 56 долларға дейін көтерілсе, барреліне 8 доллардан пайда көреді. Бағасы 40 долларға дейін түссе, сол 8 доллардан айырылып қалады. Трейдерге сатып алған жағдайда тауарды сақтаудың немесе тасымалдаудың, басқа да іс-әрекеттерді жасаудың қажеті жоқ, тек тінтуірмен бірнеше рет басса жеткілікті.

Фьючерстермен қайда саудалайды?

Фьючерстермен сауда фьючерстік биржаларда жүзеге асырылады, кең танымал тауар және фьючерстік биржалар мыналар:

  • Нью-Йорк тауар биржасы — NYMEX (New York Merchantile Exchange)
  • Чикаго мерзімді тауар биржасы — CBOT (Chicago Board of Trade)
  • Чикаго тауар биржасы — CME (Chicago Mercantile Exchange)
  • Лондон халықаралық мұнай биржасы — IPE (International Petroleum Exchange)
  • Лондон қаржы фьючерстерінің халықаралық биржасы — LIFFE (London International Financial Futures Exchange)
  • Лондон металдар биржасы, түсті металдардың ірі халықаралық нарығы — LME (London Metals Exchange)
фьючерстік  келісім-шарт

Фьючерс саудасы: ерекшеліктері

Фьючерстермен сауда процесі Форекстегі сауда процесіне ұқсас. Фьючерстік нарықтарда техникалық және іргелі талдаудың принциптері ұқсас, сол индикаторлар мен графиктер, сондай-ақ ордерлерді орнату ережесі жұмыс істейді. Сонымен қатар, бастапқыда бұның бәрі фьючерстермен сауда үшін жасалған, өйткені олар Форекс нарығынан әлдеқайда бұрын пайда болған. Бірақ фьючерстік сауданың бірнеше маңызды ерекшеліктері барын есте ұстау керек:

  • Валюта жұбы Форексте мәңгі-бақи ашық тұруы мүмкін, яғни, бірде фунтты долларға сатып алып, позицияны өте ұзақ - тіпті айлар бойы және жылдар бойы ұстауға болады. Фьючерстертермен олай етуге болмайды. Фьючерстік келісім-шарттың аяқталатын күні бар. Егер Сіз позицияны өзіңіз жаппасаңыз, онда ол фьючерстік келісім-шарт аяқталған күні және сол сағатта соңғы баға бойынша мәжбүрлі түрде жабылады. Сіз фьючерстік келісім-шарт уақытының аяқталар күнін қадағалап және неғұрлым кейінгі келісім-шартқа дер кезінде ауысуыңыз керек.
  • Фьючерстің коды бірнеше бөлімнен тұрады. Белгілеудегі алғашқы символдар тауарды көрсетеді (алтын, мұнай, мақта және т. б.), келесі символдарда фьючерс жеткізілетін айы және жылы көрсетілген. Мысалы, NGQ0 - газға фьючерсті білдіреді: (NG — Natural Gas), Q — Тамыз.

Фьючерстер саудаланатын айлардың келесі белгілемелері бар:

  • Қаңтар - F
  • Ақпан - G
  • Наурыз - H
  • Сәуір - J
  • Мамыр - K
  • Маусым - M
  • Шілде - N
  • Тамыз - Q
  • Қыркүйек - U
  • Қазан - V
  • Қараша - X
  • Желтоқсан - Z

Өздеріңізге белгілі, Форекс - бұл котировкаларды көптеген банктер және дилерлер жеткізетін биржадан тыс нарық. Сондықтан Сіз, басқа брокердің/дилердің бағасынан біршама өзгеше бағалар бойынша саудалай аласыз. Фьючерстермен бұл мүмкін емес, мұнда сауда тек биржаларда ғана жүргізіледі және котировкаларды нақты сатып алушы мен сатушы қалыптастырады. Әрбір котировканың бағасы ғана емес, көлемі де бар - оның сыртында нақты сатып алушы немесе сатушы тұр. Биржалар өздерінің сайттарында алдыңғы сауда сессиясының (сауда күні) котировкаларын әрбір тикке дейінгі дәлдікпен көрсетеді. Сондықтан барлық брокерлердің сауда терминалдарындағы фьючерстердің котировкалары бірдей.

Фьючерстік келісім-шарттардың көлемін биржа стандарттайды, ол сонда көрсетілген тауардың саны мен сапасын белгілейді. Мысалы, доңыздың етіне 1 фьючерстік келісім-шарт (PB) белгілі бір көлемдегі 40000 фунт доңыздың етін жеткізуді ескертеді; алтын фьючерсі (GC) сынамасы 995 төмен емес алтынның 100 троя унциясын жеткізуді ескертеді; шикі мұнай фьючерсі (мұнай фьючерсі) белгілі бір сападағы шикі мұнайдың 1000 баррелін жеткізуді ескертеді. Фьючерстердің котировкалары бір мәнді және бүкіл әлем үшін бірыңғай.

Фьючерсті қалай сатып алады?

Егер әлі күнге дейін брокерде сіздің шотыңыз болмаса, онда ең алдымен соны ашып, таңдап алған фьючерсті сатып алу үшін қажетті соманы аудару керек. Сатып алынған келісім-шарттар арзандайтын жағдайда ақша биржа үшін әлдебір сақтандыру қызметін атқарады.

Таңдап алған биржаға қарай және ненің — мұнай, алтын және т. б. базалық актив болып табылатынына қарамастан, депозиттік шотта фьючерстің негізіне алынған базалық активтің толық құнынан екіден он пайызға дейін құрайтын сома болуы керек. Кепілдік қамтамасыз етудің мұндай сомасын есептеу (кіріс маржасы) SPAN — осы базалық активтің баға өзгерістерін талдау нәтижесінде құрылған әмбебап әдістеме бойынша жүргізіледі.

Нарықта көбінесе клиенттердің шоттарындағы ақшаның бір бөлігі ашық мәмілелерді қолдау үшін бұғатталатын, былайша аталатын қолдайтын маржа да жиі қолданылады. Мысалы, Brent мұнайына фьючерсті сатып алу немесе сату кезінде ойыншының шотында төрт мың доллар кіріс маржасы және екі мың қолдайтын маржа болу керек.

Мәмілелерді жапқаннан кейін, экспирация кезінде, өтінімдерді өңдейтін электронды жүйелер сәйкесінше, трейдерлердің шоттарына аударылатын немесе шегерілетін пайданың немесе шығынның көлемін есептеуді автоматты түрде жүргізеді.

фьючерстер,  фьючерс деген не

Фьючерстер экспирациясы деген не?

Фьючерстер экспирациясы — тараптар арасында келісім-шарттың талаптарын орындау күні. Осындай күн орын алғаннан кейін биржадағы фьючерстік келісім-шарт жарамсыз болады.

Таңдап алған қаржы аспабына қарай биржада экспирацияның түрлі күндері болады, олар міндетті түрде биржалық келісім-шарттың спецификацясында жазылады. Мәселен, S&P 500 индекстің фьючерстік келісім-шартының аяқталатын мерзімі жылына төрт рет — наурыз, маусымда, қыркүйекте және желтоқсанда жүреді.

Экспирация процесін қадағалау қиын емес, өйткені әрбір келісім-шарттің шартты белгісі немесе коды бар. Келісім-шарттың спецификацясында оның толық мағынасы және мәні көрсетілген.

Фьючерстер экспирациясының күні таяғанда, көптеген трейдерлер мен инвесторлар өз позицияларын жауып, жаңа сауда циклын күтеді. Себебі, бұл уақытта нарық сезімтал болады және жеңіл басқарылады. Экспирациямен параллель түрде бағаның жасанды қозғалысы жүруі мүмкін. Трейдерлер арасында, дәл осы сәтте аренаға ірі ойыншылар шығып, нарықты қажетті бағытта жүргізеді деген пікір бар.

Фьючерстік келісім-шарттармен сақтандыру

Фьючерстік келісім-шарттармен сақтандыру — бұл тауар бағасының өзгерісінен сақтандыруға қабілетті, сақтандырудың жиі ұшырасатын түрі. Оның нәтижесі тәуекелдерді азайту ғана емес, ықтималды пайданы қысқарту болып табылатынын білу керек. Сақтандырудың екі түрі бар:

  • сатып алумен
  • сатумен

Сатып алумен сақтандыру (оны сондай-ақ сатып алушының хеджі немесе ұзын хедж деп атайды) сатып алушыға болашақта бағалардың ықтималды ұлғаюынан сақтандыруды қамтамасыз ететін фьючерсті сатып алумен байланысты.

Сатумен сақтандыру (сатушының хеджі, қысқа хедж) тауарды нарықта сатуды білдіреді, болашақта ықтималды қолайсыз өзгерістерден (бағаның құлдырауы) сақтандыру мақсатында мерзімдік аспаптарды сату жүзеге асырылады.

Фьючерстерде қалай табыс табуға болады?

Егер сіз фьючерстерде табыс тапқыңыз келсе, онда сізге оны төмендетілген бағамен сатып алып, әрине, қымбатырақ сату керек, нәтижесінде пайда аласыз. Содан кейін, бағасы төмендегенде осы келісім-шартты тағы бір рет сатып алуға болады, содан кейін қайтадан сатып, пайда табуға болады.

Бұл принцип кеңінен танымал, сол бойынша акциялар, облигациялар, валюта, опциондар сияқты басқа да инвестициялық аспаптарда табыс табады.

Орындау күніне барынша жақындатылғаны фьючерстік келісім-шарттар ең тиімдісі болып саналады. Олардың өтімділігі жоғары және көптеген трейдерлер соларға назар аударады. Мұндай фьючерстердің бағасы шынайыға жуықтатылған және бағаның күрт секірісі бола қоймайды.

Фьючерстік келісім-шарттарды саудалау бір қарағанда ғана өте күрделі және кереметтей болып көрінеді. Іс жүзінде сіз жүйелі түрде жұмыс істеп, нарықты, оның ерекшеліктерін білсеңіз, оның басқаша көрінері анық. Кез-келген аспапты саудалау — тұтас бір ғылым екенін ұмытпаңыз. Сондықтан, кітап оқыңыз, курстарға барыңыз, вебинарларға қатысыңыз, зейін қойыңыз, байқап көріңіз — сонда сіздің қолыңыздан бәрі келеді. Сәттілік тілейміз!

Мақалалар тізіміне оралу
Шот ашу
Шот ашу
Шотты толтыру
Шотты толтыру
Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.