Сондай-ақ қараңыз
Әлемдік экономикалық дағдарыс қаржылық қызметпен айналысатын адамдардың ғана емес, халықтың барлық топтары арасында ең көп талқыланатын тақырыпқа айналды, өйткені әрбір адам қалай болғанда да экономикалық дағдарыстың әсерін сезінеді. Біреу инфляцияның өсуінен және жалақының төмендеуінен қауіптенеді, кейбіреулері жұмыстан айырылып қалудан қорқады.
Трейдерлерді де бұл жағдай айналып өтпейді, өйткені трейдердің жұмысы қаржымен тікелей байланысты және валюта әлемінде болып жатқанның бәрі валюта нарығында көрініс табары анық. Сондықтан, Форексте кезекті қаржы дағдарысы орын алса не болатынын және валюта нарығына қатысушылардың осындай ауқымды құбылыста қалай әрекет ететіні туралы әрбір трейдердің кемінде бір рет ойланатыны белгілі.
Шын мәнінде, әлемдік экономикалық дағдарыс оң және теріс салдарын қалдырып, Форекс нарығы үшін із-түзсіз өтпейді.
Сондықтан әрбір трейдерге қаржы дағдарысы кезінде дұрыс әрекет ету және жағдайдан тек қана пайда алып, бұрынғыдай табыс табуы өте маңызды болып табылады.
Біріншіден, әлемдік экономикалық жаңалықтардың қуатты арынын бақылап, үрейге бой алдырудың қажеті жоқ. Дағдарыс кезінде осындай жаңалықтар тыныш кездегіге қарағанда айтарлықтай көп болады. Қаржы жағдайы тұрақтылығын жоғалтқанда, валюта бағамы айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды: күрт секірістер мен құлдырау дағдарысқа қатысушы-елдерге тиесілі көптеген ұлттық валюталар үшін әдеттегі жағдайға айналады. Газеттердің және онлайн-басылымдардың тақырыптары әлемдік экономикадағы жағдайлар туралы хабарламаларға толып тұрғанда, трейдерге осындай үлкен ақпарат көлемін игеру, жағдайды дер кезінде талдау және валюта бағамдарының жосығын дұрыс болжау қиынға түседі.
Дегенмен, істің оң шешімін тауып, зейінділік пен көңіл-күйдің ауытқушылығын ұтымды пайымдауларға бағындыра білгенде, жағдайды өзіне тиімді жағына қарай бұруға болады. Жұмысын сенімді жалғастыра отырып, трейдер еш қиындықсыз пайда көріп, өз капиталын арттырады.
Нарықтың асқын құбылмалылығынан қорқудың қажеті жоқ, одан табыс таба білу керек. Форекстегі сауда — бұл, ең алдымен сатып алу-сату операциялары, экономикалық дағдарыс кезінде трейдерлер жұмысты жоғалту қатеріне ұшырамайды.
Валюта нарығында пайда алуға мүмкіндік беретін тәсілдер мен аспаптар әрдайым болады. Егер қаржы дағдарысы кейбір валюта бағамдарының құлдырауына әкеп соқтырса, басқа валюталардың бағамы автоматты түрде көтеріледі, ал сауатты талдау жасаған кезде трейдерге тиімді мәміле жасауға мүмкіндік береді.
Әлемдік экономикалық дағдарыстың Форекске әсері, әрине, айтарлықтай. Алайда, трейдерлердің беймаза әбігерлігіне қарамастан, қаржылық күйзелістер валюта нарығын құлдыратуға қабілетті емес.