empty
 
 

Форекстегі валюта жұптарының қозғалысын түсінудің негізгі элементтерінің бірі жаңалықтармен жұмыс болып табылады. Жаңалықтармен жұмыс істей білу жаңа бастаған трейдерлер үшін де, өзінің шеберлігін көтеруге ұмтылатын тәжірибелі алып-сатар үшін де өте маңызды.

Күн сайын, сауда стратегиясын құрай отырып, трейдер алдағы сауда кезеңі үшін жаңалықтар күнтізбесіне талдау жасауы қажет. Шығатын Форекс жаңалықтар негізіндегі трейдинг табысты болу үшін, келесілер қажет:

- күшті жаңалықтардың шығуын күтуге болатын шамамен алынған уақыт кезеңін білу;

- жаңалықтар шыққан кезде нарықтың қалай жұмыс істейтінін және нарықта жұмыс істей отырып қалай пайда алуды түсіну;

- жаңалықтарды және техникалық талдауды байланыстыру.

Сіз, нарыққа қандай мәліметтердің қарқынды әсер ететінін, ал қандайы әсер етпейтінін түсінуіңіз керек. Бұл өте оңай. Көптеген жылдар бойы қалыптасқан сауда тәжірибесі, валюта бағамдарының қозғалысына айтарлықтай әсер ететін бірқатар экономикалық факторлардың қалыптасқанын көрсетеді. Мұнда тек солардың кейбірі:

• Орталық банктердің пайыздық мөлшерлемесі бойынша шешімі.

• Инфляция деңгейі.

• ЖІӨ-нің және өнеркәсіптік өндіріс.

• Іскерлік белсенділік индекстері.

• Қандай да бір елдің қаржы шенеуніктерінің сөз сөйлеуі (көбінесе АҚШ, Ұлыбритания, сондай-ақ, Еуроодақ елдері, Жапония, Швейцария және Канаданың жоғары шенді тұлғалары әсерін тигізеді).

Форекс нарығында күтпеген жаңалықтар өте сирек шығады. Әдетте, нарыққа шығатын барлық жаңалықтар жоспарланады. Валюта нарығы осы жаңалықтардың шығуын күтеді және соған дайындалуға барынша тырысады. Жаңалық ресми шыққанға дейін сарапшылар валюта бағамдарының ықтималдығы жосығына қатысты өз болжамдарын жариялайды.

Шығатын жаңалықтарға нарықтың ықтималды реакциясы келесі түрде көрінуі мүмкін:

• Егер жаңалық күткенді ақтаса, онда қандай да бір валютаның бағамы айтарлықтай өзгермейді.

• Егер Форекстің аналитиктері дұрыс болжам берсе, бірақ нарық жосығының салдары толықтай бағаланбаса, онда валюта бағамы берілген бағыттағы өз қозғалысын жалғастыра береді, алайда валюта бағамдары қозғалысының ұлғаюы байқалуы мүмкін.

• Егер Форекс -сарапшылар қате болжамдар жасаса, валюта бағамы өзінің бағытын өзгертіп, қарама-қарсы бағыттағы қозғалысты бастайды.

Іргелі деректердің валюта бағамдарына қалай әсер ететінін талдай отырып, трендтің бағытын міндетті түрде ескеру қажет.

Егер шыққан жаңалық трендке қарама-қайшы болса, бұл осындай жаңалықтың әсері ұзаққа жетпей, бірнеше сағатқа ғана созылатынын білдіреді.

Егер шыққан жаңалық басыңқы трендке толығымен сәйкес келсе, бұл трендтің үдейтінін білдіреді.

Форекс нарығының жаңалықтары шыққан кезде, талдаудың іргелі негіздерін пайдалана отырып, осы деректердің техникалық талдау деректерімен үйлескенде ғана барынша пайда алуға болатынын есте сақтау керек.

Мақалалар тізіміне оралу
Шот ашу
Шот ашу
Шотты толтыру
Шотты толтыру
Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.