Сондай-ақ қараңыз
Стоп-лосс (ағылшын тілінен аударғанда "шығынды тоқтату") - бұл кең таралған бұйрық, негізгі мақсаты - нарықтың қозғалысы трейдердің пайдасына жүрмегенде, ықтималды шығынды азайту .
Стоп-лосс тек ашық позицияларға қойылады. Жағдай трейдер үшін шығынды бағытта дами бастағанда және баға стоп-лосс деңгейіне жеткенде, мәміле автоматты түрде жабылады. Осылайша, стоп-лосс бұйрықтың көмегімен трейдердің өз шығындарын бақылау мүмкіндігі болады, позициялар сәтсіз ашылған жағдайда, капиталының ең болмағанда бір бөлігін сақтап қала алады.
Егер трейдер стоп-лоссты белгілемесе, шығын жеткенде оның позициясын брокер жабады.
Стоп-лостың негізгі үш түрі бар: тиянақталған стоптар, сырғымалы стоптар және құрамдастырылған стоптар.
Тиянақталған стоп-лостар позицияларды ашу кезінде қойылады және мәміле жабылғанша қайта қойылмайды. Сырғымалы стоп-лостар, керісінше, баға қозғалысының даму бағытына қарай үнемі қозғалыста болады. Сырғымалы стоптарды басқаша трейлинг-стоптар деп атайды, олар трейдер қойған параметрлерге қолмен де, автоматты түрде де бағдарлана отырып, орын ауыстыру функциясын орындай алады.
Қазіргі уақытта трейдерлер арасында стоп-лостардың қажеттілігі туралы қызу пікірталас жүріп жатыр. Біреулері стоп-лосты сауданың міндетті шарты болуы тиіс деп санайды, өз ұстанымын стоптардың қолдағы барлық қаражатты жоғалтудан сақтайтынын дәлел ретінде келтіреді. Өйткені, егер баға болжамдағанға қарама-қарсы бағытта тез қозғалса, уақытында жабылмаған мәміле міндетті түрде елеулі шығындарға әкеп соғады. Алайда, стоп-лостың қарсыластары, ол шығындармен қатар пайданы да шектеуге қабілетті деп санайды. Баға қозғалысы көбінесе болжап болмайтын және қарама-қайшы болатындықтан, ол трейдердің болжамына сәйкес жүруі де, сонымен қатар желіге белгіленген стоп-лостың сызығымен "қақтығысып", оқтын-оқтын құбылуы да мүмкін. Мұндай жағдайда, мәмілені сәтті аяқтау мүмкіндігі болса да, позиция минусқа жабылады.
Әдетте стоп-лосты пайдалану туралы шешім жекелеген әрбір трейдердің жеке стратегиясына негізделген. Бұл шығынға шектеулерді алдын ала орнатудың қажеттілігіне қатысты біріңғай пікірдің жоқ екенін білдіреді.