empty
 
 

GBP/USD – бұл британ фунты мен америка доллары валюта жұбының аббревиатурасы. Валюта жұбының котировкасы, 1 британ фунтын сатып алу үшін қанша АҚШ долларын төлеу қажет екенін көрсетеді. GBP/USD Еуропадағы, әсіресе Ұлыбританиядағы ең танымал сауда аспабы болып табылады. Ол әлемдегі ең көп саудаланатын валюта жұптарының ішінде үшінші орында, сауданың күнделікті айналымы Форекс валюта нарығының барлық айналымының шамамен 12% құрайды.

Бұл валюта жұбының құбылмалылығы жоғары және болжамдауға келмейді деп саналады. Бұл жұптың бағасының ауытқуы қысқа мерзімді және үзілмелі сипатта болады. Күнделікті ауытқуы орта есеппен 130 пунктке дейін жетеді. GBP/USD бойынша өтімділігінің төмендігі тек азия сессиясында ғана байқалады (орташа қозғалыс шамамен 30 пунктке дейін).

Көптеген трейдерлер осы жұпқа қарағанда EUR/USD жұбын артық көреді. Британ фунты, әдетте, EUR/USD валюта жұбының бағытында қозғалады, бірақ әрдайым олай бола бермейді. Фунт/доллар қозғалысы, еуро/доллар валюта жұбының қозғалысынан нақты "кабельдік" жаңалықтар шыққан кезде ( GPB/USD жұбын кейде «кабель» деп атайды — XIX ғ. Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы байланысты трансатланттық кабель қамтамасыз еткен) күрт ерекшеленуі мүмкін. Мысалы, Англия Банкінің пайыздық мөлшерлемелерді өзгертуі GBP/USD жұбының бағамында көрініс табады.

Фунттың қозғалысы еуро және швейцар франкінің қозғалысына ұқсас. Фунтпен саудалаған кезде баға қозғалыстарының күшінің жоғары болуы себепті әрқашан сақ болу керек, әсіресе фунтпен кросс-бағамдарда. GBP/USD көбінесе жаңалықтарға қарсы жүреді, тіпті бір қарағанда осы валюта үшін бәрі жақсы болып көрінген кезде де, бағам түсіп кетуі мүмкін.

Мақалалар тізіміне оралу
Шот ашу
Шот ашу
Шотты толтыру
Шотты толтыру
Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.