Сондай-ақ қараңыз
Валюта бағамы деңгейінің қозғалысына не әсер етеді?
1.Белгілі бір деректердің шығуын күту, сондай-ақ, олардың шығуы. «Деректер» деп саудаланатын валюта ұлттық болып табылатын елдердің экономикалық индикаторларын, олардың пайыздық мөлшерлемесінің өзгерістері туралы жаңалықтарды, экономикалық жағдайға шолулар және валюта нарығына әсер ететін басқа да маңызды оқиғаларды жариялауды айтады.
Оқиға алдындағы уақыты мен кейіннен оның басталуы валюта бағамы деңгейінің қозғалысына көп әсер етеді. Валюта бағамдарының қозғалысына ненің - оқиғаны күту немесе оқиғаның басталуы көбірек әсер ететінін айту қиын, алайда, егер оқиға маңызды болса, онда ол әрдайым валюта бағамдарының үлкен қозғалысына әкеліп, ұзақ уақыт бойы жалғасуы мүмкін.
Орын алатын оқиғаның немесе шығатын жаңалықтардың уақыты мен күні алдын ала жарияланады. Сондай-ақ экономикалық оқиғалардың күнтізбелері де бар, онда қандай да бір мемлекетте өтетін маңызды оқиғалар үнемі жарияланып тұрады (уақыты және күнімен). Оқиға шығар алдында аналитикалық болжамдар жарияланып, онда осы оқиғаның нақты валюта бағамының одан әрі қозғалысына қалай әсер етуі мүмкін деген тақырыпта болжамдар жасалады. Сондықтан оқиғаның өзі шыққанға дейін-ақ бағам аналитикалық болжамда көрсетілген бағытты ескере отырып, өзгере бастайды және жаңалықтарды жарияланғаннан кейін көбінесе(егер олар күтілетінге сәйкес келсе), валюта бағамының қозғалысы қарама-қарсы бағытта жүреді. Бұл оқиғаны немесе жаңалықтарды күту кезінде ашылған позицияларды жабу (солар бойынша пайда алу )себебінен орын алады.
2. Қор қызметі (инвестициялық, зейнетақы, сақтандыру қорлары) валюта бағамының ұзақ мерзімді қозғалысына әсер етуіне қарай бірінші орында тұр. Қор қызметіне түрлі валютаға инвестиция жасау кіреді. Олар өзінде қомақты капиталдың болуының арқасында валюта бағамын белгілі бір бағытта жіберуі мүмкін. Корларда капиталды басқаруды қор менеджерлері жүргізеді.
Барлық менеджерлердің өз жұмыс принципі бар, сондықтан менеджер ашқан позиция қысқа мерзімді, орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Позицияларды ашу бойынша шешім қаржы нарығына салиқалы талдау жасағаннан кейін ғана (іргелі, техникалық және т.б.) қабылданады. Қор менеджерлері оқиғалардың, индекстердің, жаңалықтардың салдарын болжау арқылы, позицияларды өздеріне керек бағытта, дер кезінде ашып, озық жүруге ойнайды. Нарықты талдау, қандай болса да 100% нақты нәтиже бере алмайды, бірақ қомақты капитал және сауданың жолға қойған жүйесіне ие болып, қорлар бастап беріп, түзетулер енгізіп және ең күшті трендтерді күшейте алады.
3. Экспорт пен импортқа жұмыс істейтін компаниялар, Форекс нарығына қызметі валюта бағамы деңгейінің қозғалысына әсер ететін таза пайдаланушылар ретінде қатысады. Бұл экспорттаушылардың шетел валютасын сатуға және импорттаушылардың оны сатып алуға тұрақты қызығушылығымен байланысты. Экспорт және импорт сияқты осындай операциялармен айналысатын беделді фирмалардың арнайы аналитиктер бөлімі бар, олардың міндеті шет ел валютасын компания үшін тиімді бағамен сатып алу немесе әрі қарай сату үшін валюта бағамдарын болжау болып табылады.
Экспорттаушылар мен импорттаушыларға, сондай-ақ валюта тәуекелдерін сақтандыру тұрғысынан трендтерді қадағалау өте маңызды. Болашаққа қарама-қарсы мәмілені ашу кезінде тәуекелдің бұл түрі азаяды. Экспорттаушылар мен импорттаушылар нарыққа көрсететін әсер қысқа мерзімді және олардың операцияларының көлемі валюта нарығының жалпы көлемімен салыстырғанда мардымсыз болуы себепті, ауқымды трендтер жасамайды.
4. Саяси қайраткерлердің кездесулерде, пресс-конференцияларда, саммиттерде, сөз сөйлегенде, баяндама жасау кезінде айтқан пікірлері валюта бағамы деңгейінің қозғалысына қатты әсер етуі мүмкін. Осындай пікірлердің әсер ету күшін экономикалық индикаторлардың әсеріне теңестіруге болады.
Көп жағдайларда сөз сөйлейтін уақыты мен күні туралы алдын ала белгілі болады. Сөйлеген сөзі жарияланатынның алдында, болашақта оның нарықтағы жағдайға қалай әсер ететіні туралы болжамдар пайда болады. Бірақ кейде айтылған сөздер нарық үшін күтпеген болып шығады және олардан кейін нарықта валюта бағамы деңгейінің қуатты, көбінесе, болжап болмайтын қозғалысы басталады. Егер бұл сөздерде ұзақ мерзімді салдары туралы айтылса (пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісі, мем. бюджетті қалыптастыру және т.б.), онда олар ұзақ мерзімді трендті бере алады.
Бағам қиын деңгейде орналасқан сәттерде, айтылған сөздер орталық банктердің интервенциясын тудыруы мүмкін. Бұл жағдай нарыққа өте қатты әсер етуі мүмкін. Бірнеше минуттың ішінде валюта бағамы интервенцияға қарай бағытта бірнеше жүздеген пунктке өтуі ықтимал.
5. Нарыққа мемлекеттің әсері орталық банктердің көмегімен жүзеге асырылады. Қандай да бір мемлекеттің орталық банкі валюта айырбастау операцияларына (шетелдік валютаны сатып алу және сату) толықтай араласпағанда, елдің ішкі валютасы «еркін айналым» аталатын күйде болады. Алайда, мұндай жағдай өте сирек болады. Осындай бағамы бар елдер, кейде валютамен операция жасау арқылы бағамға әсер етуге тырысады.
Тұтынудың өсуі мен өндірістің дамуына мүдделі мемлекеттер, валюта бағамдарын реттеумен айналысады. Көбінесе олар жанама және тікелей реттеуді қолданады. Жанама реттеу инфляция деңгейін, айналымдағы ақшаның көлемін және т.б. ескере отырып, жүзеге асырылады. Тікелей реттеуге дисконтты саясат және валюта нарығындағы валютаның интервенциясы жатады. Валюталардың интервенциясы валютаны кенеттен шығару және халықаралық нарықтан көп мөлшерде алумен байланысты. Орталық банктер валюта нарығына тікелей емес, коммерциялық банктер арқылы шығады. Көлемі миллиард долларға дейін жетеді, осы себепті, интервенциялар валюта бағамы деңгейінің қозғалысына айтарлықтай әсер етеді. Кейде түрлі елдердің орталық банктері валют нарығына бірлескен интервенция жүргізеді.