Сондай-ақ қараңыз
Форекс нарығында мәміле жасау кезінде, трейдер ашқысы келетін валюта жұптарымен қатар, сол валютаның бағасын да білуі керек. Форекс нарығында валюта жұбының бағасы Ask және Bid деп белгіленеді, ал бұлардың нақты сандық мәндері болады.
Ask бағасы – бұл валюта жұбының котировкасындағы үлкен баға, бұл баға бойынша трейдер, валюта жұбын белгілейтін аббревиатурада бірінші тұрған валютаны сатып алады. Және, тиісінше, осы аббревиатурада екінші тұрған валютаны сатады.
Bid бағасы – бұл валюта жұбының котировкасындағы ең төменгі баға, осы бойынша валюта жұбының аббревиатурасында бірінші тұрған валютаны сатады. Және, тиісінше, осы аббревиатурада екінші тұрған валютаны сатып алады.
Мысалды қарастырайық:
EUR/USD валюта жұбы бар делік, котировкасы 1.3652/1.3655. Бұл сіздің 1 евроны 1,3655 долларға сатып ала алатыныңызды білдіреді. Немесе, сіз 1 евроны 1,3652 долларға сата аласыз. Сатып алу және сату арасындағы айырма спред (spread) деп аталады. Спред - бұл Форексте саудалау мүмкіндігі үшін төлем, яғни брокерлік компанияға төленетін комиссия. Спреды - валюта нарығында өте азғантай, банктікіне қарағанда ондаған, тіпті жүздеген есе аз. Мajors тобының көптеген валюта жұптары үшін олар 3 пунктке дейін құрайды.